«ОРАМА, ЫДЫС, ЗАТТАҢБА» ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

4-6 қараша 2020

Алматы, Қазақстан

РЕСМИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗДЕРІ 2019

Құрметті аграрлық қызметкерлер, ауыл шаруышылығының еңбекшілері,
Көрме қонақтары мен ұйымдастырушылары!

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан AgroWorld Kazakhstan 14-ші Орта Азиялық Халықаралық көрмесі, FoodExpo Qazaqstan 22-ші Орта Азиялық Халықаралық көрмесі, QazPack 17-ші Орта Азиялық Халықаралық көрмесі және ColdChain1 4-ші Орта Азиялық Халықаралық көрмесінің қатысушыларын, қонақтары мен ұйымдастырушыларын құттықтауға рұқсат етіңіздер!

FoodExpo Qazaqstan көрме қойылымы Ауыл шаруашылық индустриясында және азық-түлік өнеркәсібінде ең көп күткен іс-шара болып табылады және өз алаңында «ауыл шаруашылығы», «азық-түлікке арналған орама», «сақтау және суық логистика» және «мейрамхана ісі» бағыттары бойынша қойылымдарды біріктіре отырып «шикізаттан дайын өнімге дейін» тұжырымдамасына негізделеді.

FoodExpo-AgroWorld Qazaqstan платформасы өз алаңына әлемнің 30 мемлекетінен әр түрлі бағытта 400 аса компанияларды жинайды, олардың 10 жалпы ауданы 8000 ш.м. ұлттық стендтерде ұсынылған. Халықаралық компаниялар тарапынан жоғары қызығушылық тәжірибе алмасуда, отандық кәсіпорындарды жаңғырту және өндірісті дамыту, азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу және сатудың негізгі бағыттарын анықтауда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

FoodExpo-AgroWorld Qazaqstan көрме алаңы агроөнеркәсіптік кешендердің барлық буындары сапалы жұмыс істеуіне оң импульсті құра отырып, халықаралық аренада отандық өндірістің бәскекеге қабілеттілігін қалыптастыруға және жалпы республика халқының өмір сапасын арттыруға тырысуын көрсетеді.

Мемлекет ішінде өндірілген тауарларды жыл сайын көбірек ұсынатын отандық агроөнеркәсіптік кешен тауарларын өндірушілерінің көрме тұрақты қатсыу санының өсіу фактісі қуантады. Осылайша, аталған көрмелер негізгі функцияларымен қатар мемлекеттің ауыл шаруашылығында және азық-түлік өнеркәсібінде тауар өндіру өсімі индикаторының рөлін атқарады.
Көрме қатысушыларға нарықтың заманауи үрдісінде бағдарлануға, Қазақстанда АШК саласын дамытудың өзекті сұрақтардың шешімін табуға, сондай-ақ қажетті іскерлік байланыс және жаңа әріптестік қатынастарды орнатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Көрме қатысушыларына өнімді жұмыс, белгіленген нәтижелерге қол жеткізуді, сәттілік және өркендеуді тілеймін!

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі

С.К. Омаров


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Алматы қаласы Әкімдігінің атынан барлықтарыңызды FoodExpo Qazaqstan 2019 «Азық-түлік өнеркәсібі», AgroWorld Kazakhstan 2019 «Ауыл шаруашылығы», QazPack 2019 «Орама, ыдыс, заттаңба және полиграфия», Horex 2019 «Барлығы мейманханалар, мейрамханалар, супермаркеттер үшін» және ColdChain Kazakhstan 2019 «Салқын қойма, тасымалдау және салқын логистикаға арналған қызмет» көрмесінің ашылуымен құттықтаймын.

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу Алматы үшін басым бағыт болып қала береді, ал зық-түлік өнеркәсібі қаланың барлық өңделетін өнеркәсіптің 40% алады.

Кәсіпкерлерге жеңілдікпен кредит беретін қабылданған бағдарлама экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді. Кредит беру рұқсат берілген негізгі жобалар азық-түлік өнеркәсібінің саласында және агроөнеркәсіп кешені саласында, олар жаңа өндірістің құрылуын және қолданыстағыларды кеңейтуді көздейді.

Қала Әкімдігі осындай көрмелердің өткізілуіне үнемі үлкен назар аударады, себебі көптеген жылдар бойы олар ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі саласында өздерін ең ауқымды іс-шара ретінде көрсетті. Аталған іс-шараның беделі оған қатысушылардың кең географиясымен, азық-түлік өнеркәсібінде жетістіктердің көп спектрлерін көрсетумен анықталады. Жыл сайын бес іс-шараға әлемнің 31 мемлекетінен 350-ден аса компания қатысады.

Аталған іс-шара шағын және орта бизнестің дамуына әрекет ету нәтижесі ретінде өндірушілер, жеткізушілер және тікелей тұтынушылар арасында байланысты біріктіру және нығайтуға ықпал етеді деп санаймын.
Көрменің барлық қатысушыларына және қонақтарына белгіленген жоспарларды сәтті жүзеге асыруларын және жемісті жұмыс тілеймін!


Құрметті қатысушылар мен қонақтар!

Мен, ITE Group Plc (Ұлыбритания) және Iteca (Қазақстан) 2020 жылғы 6-8 қарашада Алматы қ-да FoodExpo Qazaqstan 2019 азық-түлік өнеркәсібінің 22-ші Орта Азиялық Халықаралық көрмесін және AgroWorld Kazakhstan 2019 ауыл шаруашылығының 14-ші Орта Азиялық Халықаралық көрмесін өткізіп жатқанын атап өткеніме қуаныштымын. Осы беделді көрмелерге бірнеше үнді компаниялары қатысып жатқаны жағымды жаңалық болды.

Көрме ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын жылжытуға жауапты Үндістан Үкіметінің Сауда және өнеркәсіп министрлігі жанындағы жоғарғы орган - Ауыл шаруашылығы өнімдері және қайта өңделген азық-түлік өнімдерінің (APEDA) экспортын дамыту басқармасының қатысуымен өтеді.

Қатысушылар заманауи ауыл шаруашылығы саласында, сондай-ақ аралас секторларда озық тәжірибе, қайта өңдеу әдістеріне қолданылатын бар технологиялар, сондай-ақ үнді компанияларының қарамағындағы маркетингтік мүмкіндіктердің арқасында Үндістанның тәжірибесін пайдалана алатынына сенімдімін.

Сол сияқты, Үндістан Үкіметінің қолдауымен азық-түлік және ауыл шаруашылығы бойынша Үнді кеңесі AgroWorld 2019 ұйымдастыратынын еске салғым келеді, ол 2020 жылдың 5 қарашасынан бастап 8 қарашасына дейін Нью-Делиде Ауыл шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының Үнді кеңістікті кампусында өтетін болады. Осы танымдық халықаралық іс-шарада сала үшін маңызды сұрақтар, стартаптар үшін мүмкіндіктер, халықаралық қатысулар және көптеген басқалары талқыланатын болады. Бүкіл дүниежүзінің мүдделі тұлғалары инвестицияның, техникалық ынтымақтастықтың, сауда, бизнес, маркетинг және әріптестіктің мүмкіндіктерін алады.

Мен барлықтарыңызды керемет мүмкіндікті пайдалануға және алдағы қамтылатын AgroWorld 2019 іс-шарасына қатысушы немесе демеуші ретінде қатысуға және үш күн қатарынан арнайы бірегей құрылған платформада болатын үлкен мақсатты аудитория үшін өнімдерді, технологияларды, бағдарламаларды және қызметтерді көрсетуге шақырамын.

Қорытындылай келе 22-ші Орта Азиялық азық-түлік өнеркәсібінің FoodExpo Qazaqstan 2019 халықаралық көрмесінің және 14-ші Орта Азиялық AgroWorld Kazakhstan 2019 ауыл шаруашылық көрмесінің барлық қатысушыларына жаңа байланыстар орнатуда және пайдалы іскерлік мәмілелер жасауда үлкен сәттіліктер тілеймін. Сол сияқты осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Iteca ұйымын осы іс-шараны ұйымдастыруымен құттықтаймын.

Құрметпен, Прабхат Кумар


Құрметті халықаралық көрмеге қатысушылар және қонақтар,
Құрметті ханымдар мен мырзалар!,

Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Елшілігі атынан және өз атымнан 22-ші Орта Азиялық азық-түлік өнеркәсібінің FoodExpo Qazaqstan 2019 халықаралық көрмесінің және 14-ші Орта Азиялық AgroWorld Kazakhstan 2019 ауыл шаруашылық көрмесінің барлық қатысушыларын, қонақтарын және ұйымдастырушыларын құттықтаймын.

Аталған іс-шаралар өз алдына мемлекеттік органдар және азық-түлік өнімдерін өндірушілер арасында тығыз өзара әрекеттесудің платформасы болып табылады, жылдан жылға өз өндірісін кеңейтіп, шығарылатын тауарлардың сапасын жақсартуды жалғастырып келе жатқан ауыл шаруашылық және қайта өңдейтін кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесін көрнекі дәлелдеп келеді.
Көрмелер азық-түлік өнеркәсібіндегі жаңа жетістіктерді талқылау үшін негізгі алаңдардың бірі, байланыстар орнату және кәсіби тәжірибе алмасу орнына айналу фактісі қуантады.

«Food Expo Qazaqstan 2019», «Agro World Kazakhstan 2019» көрмелері тауар өнідірушілер арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімдімін.
Құрметпен,

Қазақстан Республикасындағы
Қырғыз Республикасының
Төтенше және Өкілетті Елші Посол
Ж.Кулубаев


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілі атынан «World Food Kazakhstan 2019» қазақстандық халықаралық көрмеге барлық қатысушыларды және қонақтарды құттықтаймын.

Ресей және Қазақстан поскеңестік кеңістікте экономикалық өзара әрекеттесудің ең жоғарғы көрсеткіштеріне ие, олар жалпы стратегиялық басымдылықтарға және өзара экономикалық қызығушылықтарға негізделеді. Бүгінгі таңда біздің елдер ЕЭО және ТМД ауқымында өтетін интеграциялық үдерістерді қарапайым локомативтер деп атауға болады. Ынтымақтастық өнркәсіп салаларының кең спектрімен жүзеге асырылады және азық-түлік саласы ерекшелік емес. Азық-түлік өнеркәсібі негізгі және еліміздің экономикасының қарқынды дамып келе жатқандарының бірі. Азық-түлік өнеркәсібін дамыту бірінші кезекте халықтың қажетті мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өз еліміздің экспорттық әлеуетін арттырумен шартталады. Сапалы, қауіпсіз және әр түрлі ақыз-түлік тағамдарымен қамтамасыз етудің негізгі мағынасы бар және салауатты қоғам мен жалпы мемлекетті дамыту құралдарының бірі болып табылады.

Аталған іс-шараның беделі оған қатысушылардың кең географиясымен, азық-түлік өнеркәсібінде жетістіктердің көп спектрлерін көрсетумен анықталады, бұл саланың одан әрі дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

 

Аталған іс-шара шағын және орта бизнестің дамуына әрекет ету нәтижесі ретінде өндірушілер, жеткізушілер және тікелей тұтынушылар арасында байланысты біріктіру және нығайтуға ықпал етеді деп санаймын.
Көрменің барлық қатысушыларына, ұйымдастырушыларына және қонақтарына табысты жұмыс, тиімді өзара әрекеттесуді, берік әріптестік байланыс, амандық және белгіленген жоспарларды сәтті жүзеге асыруларын тілеймін!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасындағы
Ресей Федерациясының
Сауда өкілі
М.Н. Кочетков


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

22-ші Орта Азиялық азық-түлік өнеркәсібінің FoodExpo Qazaqstan 2019 халықаралық көрмесінің және 4-ші Орта Азиялық ColdChain Kazakhstan2019 көрмесінің ашылуымен барлық қатысушылар мен қонақтарды құттықтаймын.
Салқын жеткізілімдер тізбегінің жаһандық альянсы (GCCA) барлық жақсылықты және іс-шара жүргізуде сәттілік тілейді. Орта Азия үшін осы іс-шарада әңгімелесу, оқыту және тәжірибе алмасу үшін көректі мүмкіндік. Азық-түлік жеткізудің өмірге қабілетті және қауіпсіз тізбесі кез-келген мемлекет немесе өңір үшін шешуші мағынаға ие. Қазіргі таңда бұл жаһандық проблема. Осылайша, GCCA салқын жеткізілімдердің қауіпсіз және пайдалы тізбесін қалай басқару қажеттілігі туралы ақпаратқа қолжетімділікті ұсына отырып, ITECA ұйымын қолдайтынына қуанышты. Бұның бәрі Food Expo Qazaqstan басталды.

Тез бұзылатын азық-түлікті сақтау және тасымалдау кезінде температураны бақылау бойынша клиенттердің күрделі талаптарын қанағаттандыру үшін ең соңғы ақпаратты алғысы келетіндер ColdChain Kazakhstan көрмесіне келуге міндетті!

Көрменің барлық қатысушыларына іскерлік байланыстарды орнату және келісімшарттар жасауда үлкен сәттіліктер тілеймін.

Ричард Трейси
Халықаралық бағдарламалар бойынша Вице-президент
Салқын жеткізілімдер тізбегінің жаһандық альянсы (GCCA)


Қазақстанның Құсбегілер одағы атынан «Азық-түлік өнеркәсібі» - FoodExpo Qazaqstan 2019 22-ші Орта Азиялық халықаралық көрмесі және «Ауыл шаруашылығы» - AgroWorld Kazakhstan 2019 14-ші Орта Азиялық халықаралық көрмесіне қатысушыларды, келушілерді және ұйымдастырушыларды құттықтауға рұқсат етіңіздер.

AgroWorld Kazakhstan 2019 көрмесін өткізу Қазақстан Республикасының аграрлық секторын дамытуда маңызды іс-шара болып табылады. Кәсіби алаң сала мамандарына, соның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізушілерге кездесіп, халықаралық сарапшылардың тәжірибесімен алмасуға, әлеуетті клиенттерді, дилерлер және инвесторларды табыға, келісімшарттар жасауға және өздерінің нарықтағы ұстанымдарын бекітуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның құсбегілері өндірісті тұрақты дамыту, интеграциялық үдерістерді күшейту және өндіріске ғылыми-техникалық прогресстің соңғы нәтижелерін енгізу, сондай-ақ саланың одан әрі бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді барынша қолданады.

Сіздердің барлықтарыңызға одан әрі дамуды және жұмыста сәттіліктер тілеуге рұқсат етіңіздер!

«Қазақстан құсбегілер одағы» ЖШҚ Президенті
Р.И. Шарипов


Құрметті қатысушылар, қонақтар және көрме ұйымдастырушылары!

«Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы» одағы түріндегі ЗТБ атынан 14-ші AgroWorld Kazakhstan Орта Азиялық көрмесі, 22-ші FoodExpo Qazaqstan Орта Азиялық көрмесі, 17-ші QazPack Халықаралық көрмесі және 4-ші ColdChain Халықаралық көрмесінің барлық қатысушыларын, қонақтарын және ұйымдастырушыларын құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Аталған қойылым және іскерлік шаралар басты трендтерді, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін технологиялар мен шешімдерді көрсетеді және экспорттық әлеует пен өнімнің ішкі өндірісін дамытудың маңызды құрамдасы болып табылады.

Көрме қатысушыларға нарықтық заманауи үрдістерінде бағдарлануға, елімізде АӨК дамытудың өзекті мәселелерінің шешімін табуға, сондай-ақ қажетті іскерлік байланыстар мен жаңа әріптестік қатынастар құруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Көрме қатысушыларына өнімді жұмыс, сәттіліктер мен өркендеуді тілеймін!

Құрметпен,
Қазақстан жұмыртқа өндірушілер
қауымдастығының
Президенті
М. Божко


QazPack 2019 көрмесінің барлық қатысушылары мен келушілерін құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының аумағынан макулатураны шығарып, Еуразия экономикалық одағының құрамына кіретін және басқа да елдерге апаруға толық тыйым салу ынталандырылып, орындалды. Аталған шара Қазақстанның целлюлоза-қағаз өнеркәсібін сақтауға мүмкіндік берді;

Болашақта қағаз және орама индустриясымен қатар, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға драйвер болатын техникалық кенепшөпті өсіру бойынша жобаны жүзеге асыру. Техникалық кенепшөп – бағалы шикізат, ол Қазақстан Республикасының жалпы экономикасын дамытуға импульс беруге қабілетті!

Қазақстан Республикасының Үкіметімен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП –мен қазақстандық ыдыс және орама өндірушілерді мемлекеттік сатып алуларда және ұлттық компанияларды сатып алу бөлігінде белсенді өзара әрекеттеседі;

Экологиялық таза орама материалдарын енгізуге ықпал етеді, екінші шикізатты пайдалануға уәждемені күшейтеді.

Біз Қазақстан Республикасының целлюлоза-қағаз өнеркәсібін және орама индустриясын дамыту тағдыры қызықты болғандардың барлығын біздің Қауымдастыққа шақырамыз. Біз Қазақстан нарығында шикізат, бояу және орама өндіру үшін басқа да маңызды компоненттер бөлігінде бірыңғай терезе, сондай-ақ ЕЭО нарығына шығу үшін тұрақты орын бола аламыз!

Құрметпен,
Басқарма Төрағасы
Б. Аубакиров


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Дегустация комиссиясының атынан FoodExpo Qazakqhstan 2019 көрмесіне барлық қатысушылары мен қонақтарын, сондай-ақ «FoodExpo Qazakqhstan 2019 үздік өнім» кәсіби дегустация конкурсына қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын!

Бірінші кезекте аталған конкурсты FoodExpo Qazakqhstan 2019 көрмесі шегінде және жаһандық жоба ажырамас бөлігі болып, он алты жыл бойы сәтті өткізгенде, конкурсқа қатысушылардың саны және конкурсқа ұсынылатын өнімдердің саны өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. Сапа артып келе жатқанын және ассортимент, сондай-ақ конкурстық өнімнің географиясы кеңейіп келе жатқанын айтудың өзі тамаша.

Биылғы жылы алдыңғы жылдардағы сияқты Қазақстанның, Жақын елдер және Алыс шетелдердің өндірушілері дегустация комиссиясының мүшелері лайықты баға беретін үздік азық-түлік және сусындар ұсынатынан сенімдімін.

Көрме және конкурстың барлық қатысушыларына қойған мақсаттарына жетулеріне, ойлаған жоспарларын жүзеге асыруға және Қазақстан анырығында сияқты оның сыртында да бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие болуға тілектеспін.

Құрметпен,
Дегустация комиссиясының төрағасы
Қазаққ тағамтану академиясының Вице-Президенті
Ю.А. Синявский


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Kusto Group» өнрекәсіптік-инвестициялық тобының атынан «Ауыл шаруашылығы» - AgroWorld Kazakhstan 2019 14-ші Орта Азиялық халықаралық көрмесіне қатысушылары мен келушілерін құттықтауға рұқса етіңіздер.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің нық драйверіне айналып келеді және оның біздің еліміздің дамуы үшін мағынасы жылдан жылға өсетін болады.

Біз заманауи инновациялық технологиялар және мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы мен жер суландыру саласында жабдықтарды ұсыну арқылы ауыл шаруашылығының негізгі секторларын дамытуға ықпал ету мүмкіндігіне ризамыз.
AgroWorld Kazakhstan 2019 көрмесі технологиялар алмасу, Қазақстан өңірінде және Орта Азияда ауыл шаруашылығын сәтті дамыту үшін білім және үздік тәжірибе алу үшін керемет алаң ұсынады.

Барлық қатысушыларға осы көрме алаңында сәті әрі жемісті жұмыс тілейміз!

Құрметпен,
Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы
Еркін Татишев


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Атакент» ІЫҚО атынан және өз атымнан FoodExpo Qazaqstan 2019 «Азық-түлік өнеркәсібі», AgroWorld Kazakhstan 2019 «Ауыл шаруашылығы», QazPack 2019 «Орама, ыдыс, заттаңба және полиграфия», Horex 2019 «Барлығы мейманхана, мейрамхана, супермаркеттер үшін» және ColdChain Kazakhstan 2019 «Салқын қойма, тасымалдау салқын логистикаға арналған қызмет» көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын құттықтаймын!

Биылғы жылы Азық-түлік өнеркәсібі көрмесі FoodExpo Qazaqstan 2019 деген жаңа атаумен өтіп жатыр, ол толығымен Орта Азиядағы ең ірі экспо-шара сияқты іс-шара ауқымын көрсетеді. Бұл да Қазақстандағы ұзақ мерзімді көрме жобаларының бірі болып табылады, оған іс жүзінде Республикасмыздың және ТМД елдерінің азық-түлік бизнесінің қатысушылары қатысады.

Соңғы онжылдықта азық-түлік өнеркәсібі шикізат және азық-түлік өнімдерін сақтау және тасымалдау жүйесін, сондай-ақ экологиялық ораманы пайдалану жүйелерін игеруде үлкен қадам жасады. Азық-түлік индустриясының - ColdChain Kazakhstan және QazPack көрмесінің талаптарына жауап, жылдан жылға қатысушылар мен келушілердің санын арттыруда.

Мәселен, бес көрменің бірлескен алаңы қазақстандық 370 аса және әлемнің 30 мемлекетінен шетелдік компанияларын ұсынады, осылайша өндірістік айналымның әрбір буынын дамыту үшін қажетті шарттарды жасайды: шикізатты алғаннан бастап қайта өңдеп, өндіру және азық-түлік өнімдерін сатқанша дейін.

Барлық қатысушылар мен қонақтарға іске сәт, қызықты әрі пайдалы кездесулер және бизнестің сәтті дамуын тілеймін!

Құрметпен,
«Атакент» ІЫҚО ао Директорлар кеңесінің төрағасы
Калык Абдуллаев


Құрметті қатысушылар мен қонақтар!

ITE Group Plc және Iteca көрме компаниясының атынан сіздер азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және қонақжайлылық индустриясына арналған Орта Азиядағы ең ірі халықаралық көрмеге қош келдіңіздер деймін.

Көрме – бұл үнемі болашаққа бір қадам жасайтын мүмкіндік. Инновациялар, тәжірибе алмасулар, өзге де өзара пайдалы іскерлік байланыстарды орнату – бұл жоғары деңгейдегі көрмелерге қатысуға мүмкіндік беретін басымдылықтардың толық тізімі емес.

Биылғы жылы WorldFood Kazakhstan көрмесі– FoodExpo Qazaqstan деген жаңа атқа ие болды. Атауын өзгерту көрменің кәсіби дамуын, оның ауқымы өскенін және азық-түлік саласын дамытудағы рөлін білдіреді.

Көрмелердің үлкен экономикалық әлеуеті бар. Биылғы жылы FoodExpo Qazaqstan, AgroWorld Kazakhstan, ColdChain Kazakhstan, Horex Kazakhstan және QazPack қатарлас іс-шаралар бір алаңда әлемнің 31 мемлекетінен 400 аса компанияны жинады.

Жыл сайын көрмеге Қазақстанның әр аймағынан саланың 5 мыңнан аса мамандары, сондай-ақ ТМД елдерінен бизнес-делегация келеді. Көрме 22 жыл жұмысы ішінде сату географиясын кеңейтуге, Орта Азия аумағында сатылым көлемін арттыруға көмектесетін тиімді-бизнес алаңына айналды.

Барлық қатысушылар мен қонақтарға шын жүректен көрмеде өнімді жұмыс, сәтті келісімшарттар және Алматыда жақсы уақыт өткізуді тілейміз!